Францияда жасөспірім өліміне қатысты ереуіл басылар емес

634

Полиция 17 жастағы бозбалаға оқ атып, өлтірген.  

Францияда жасөспірім өліміне қатысты ереуіл басылар емес Фото: РИА Новости

Бұл оқиға тұрғындардың ашуына тиді. Адамдар көліктерді өртеп, полициямен қақтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Әуелде Нантер қаласында басталған наразылық Париж, Ренне мен Тулузада жалғасын тапты.

Еске салайық, халықтың жаппай бас көтеруіне жасөспірімнің өлімі себеп. Тәртіпке бағынбағаны үшін рөлде отырған 17 жастағы жігітке полиция  оқ атқан.  Бұл жағдай елді дүрліктірді. Халық тәртіп сақшыларының қатыгездігіне наразы.

Ашуға ерік бергендер жолдарды жауып, мүліктерді өртеп, полицияға қарсылық көрсетті.

Тәртіп сақшылары 9 адамды тұтқындады, қақтығыс кезінде тағы бір адам ауыр жарақат алды. Оған да полиция оқ атқан. Ал, Францияның Ішкі істер министрі тергеу басталғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу