Францияда жазда қатты құрғақшылық болуы мүмкін

559

Ел билігі қазірден бастап суды үнемдеуге шақырады

Францияда жазда қатты құрғақшылық болуы мүмкін Фото: VistaCreate

Францияның экологиялық қайта құру министрлігінің басшысы Кристоф Бушу бейсенбіде құрғақшылықтың алдын алу комитеті шақырылғанын хабарлады. Бұдан кейін ұлттық аумақтың барлық префектілерінің кеңесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Franceinfo-ға сілтеме жасап.

"Биылғы қыс 1959 жылдан бергі ең құрғақ қыс болып танылды", - деп ескертті министр сәрсенбіде каналдың сұрақтарына жауап бергенде.

Ол Франция нағыз құрғақшылық алдында тұрғанын мәлімдеді. 31 күн ішінде елде бірде-бір рет жаңбыр жауған жоқ, дегенмен 22 ақпаннан бастап жауын-шашын кейбір жерлерде болады деп күтілуде.

Префектілермен кеңесте әр аумақтың жай-күйін білу көзделеді.

Ол дүйсенбіде "осы жазда қуаңшылықты болдырмау үшін" наурыздан бастап күшіне енетін суды пайдаланудың қатаң шектеу шаралары жариялануы мүмкін екенін растады.

Сондықтан министр "қазірдің өзінде" суды үнемдеуге күш салуға шақырды. Бүгінгі таңда Францияның сегіз департаменті аумағында шектеулер қабылданды. Төрт департаментте су шығынын бақылау жүзеге асырылады.

"Климатологтар жер асты су қорының жеткіліксіз деңгейіне қатты алаңдайды. Францияның су қорының толу мерзімі екі айға кешіккен. Әрине, жағдай түзелуі мүмкін, ол үшін наурыз айында жауын-шашын мөлшері әдеттегіден жоғары болуы тиіс. Алда екі ай бар", - деп түсіндірді министр.

Ол алдағы күндері елуге жуық шараны қамтитын "су ресурстарының кең жоспары" ұсынылатынын хабарлады. Әсіресе француздарға ауыз суды техникалық әрі ауылшаруашылық мақсатта пайдалануды азайтуға кеңес беріледі. Министр оның орнына ауыл шаруашылығында өңделген ағынды суларын белсенді қолдануды қолдайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу