Франциядағы ереуілдер дүйсенбіге дейін жалғасады

819

90 адамды қамауға алынды. 

Франциядағы ереуілдер дүйсенбіге дейін жалғасады

Францияда жалпы ұлттық ереуілдер басталды. Олар үкіметтің зейнетақы реформасына наразы. Euronews дерегіне сүйенсек, елдің ірі қалаларындағы бас көтерулерге 1,5 миллионға жуық адам қатысқан. 

Айта кету керек, бұған дейін Францияда кәсіподақтар бірнеше мәрте ереуілдеткен еді. Бірақ қазір болып жатқаны – ең ауқымдысы. Полицейлер наразылығын білдіруге шыққан 90 адамды қамауға алған. Қалалардағы көлік қозғалысы іркіліп, дүкендер жабылған. Жергілікті билік болса, мұндай толқуларға дайын екенін айтады. Елдің көлік министрі Жан-Батис Джеббаридің сөзінше, қазір елдегі жағдай толық бақылауда, тиісті жұмыстар жүріп жатқан көрінеді. 

Ереуілдерге үкіметтің 42 зейнетақылық режимнің күшін жойып, бірқатар мамандық иелеріне зейнеткерлікке ерте шығу және жоғары зейнетақы алу мүмкіндігінен айыру туралы жоспарына қарсы. Бас көтерулердің салдарынан мектептер жабылып, ішкі және сыртқы әуе рейстері кейінге шегерілген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу