Франциядағы тәртіпсіздіктер: 1 056 адам бас бостандығынан айырылды

330

68 600 сотталушының ісі қаралып жатыр.

Франциядағы тәртіпсіздіктер: 1 056 адам бас бостандығынан айырылды Фото: reuters.com

1 056 адам бас бостандығынан айырылды, оның ішінде 742 адам жазасын түрмеде өтейді. Бұл Францияда маусым айының аяғы-шілденің басында болған тәртіпсіздіктерді тергеу нәтижесінде қабылданған шешім, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Интерфаксқа" сілтеме жасап.  

"Бізге республика деңгейінде тәртіп орнату қажет", - деді Франция Әділет министрі Эрик Дюпон-Моретти RTL радиостанциясына берген сұхбатында. 

27 маусымда Париж маңындағы Нантер қаласында 17 жасар жасөспірім қаза тапты. Көлікті тоқтату талабына бағынбағаны үшін оған полицейлер оқ атқан. Бұл оқиға көпшіліктің ашуын туғызды. Халық қала көшелеріне шығып, әр жерге өрт қойып, полицияға әділ жаза қолдануды талап етті.  

Салдарынан, бұл оқиға жаппай тәртіпсіздікке ұласып, 250-ге жуық тәртіп сақшысы бүлікшілердің қолынан зардап шекті. Француз бұқаралық ақпарат құралдары бұл 2005 жылдың күзінен кейін тіркелген елдегі ең ірі оқиға, деп жазды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу