Франциялық компания Қазақстандағы АЭС құрылысына ат салысады

667

Меморандум президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапары аясында жасалды.

Франциялық компания Қазақстандағы АЭС құрылысына ат салысады Фото: inform.kz

Қазақстан атом электр станциясын салу кезінде француз компаниясымен ынтымақтастық құруға ниетті деп хабарлайды inbusiness.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Француздық Assystem компаниясымен өзара келісім туралы тиісті меморандумға қол қойылды. Бұл құжат елде атом электр станциясын құру кезінде кадрлар даярлау және техникалық кеңес беру мүмкіндігін қарастырады.

Бұған дейін мемлекеттік қорда атом электр станциясын Алматы облысының Үлкен кентінде салу жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Оның қуаты 2,8 мың МВт-қа дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу