Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сотталады

943

Сейсенбіде кассациялық сот осы іске байланысты Саркози мен оның заңгерлерінің аппеляцияларын қабылдамай тастады.

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сотталады

Оған 2012 жылы өзінің сайлау кампаниясын заңсыз түрде қаржыландырды деп айып тағылған. Енді ол сот алдында жауап береді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 

Даудың басы Bygmalion PR агенттігінде болып отыр. Ресми дерек бойынша, бұл агенттік Саркозидің сайлау кампаниясына қатысты ақпаратты жариялаумен айналысқан. Оған сайлау науқаны барысында шығындарды жасыру мақсатында жалған шотты пайдаланды деген айып тағылып отыр. 

Сейсенбіде кассациялық сот осы іске байланысты Саркози мен оның заңгерлерінің аппеляцияларын қабылдамай тастады.  Бұл іске экс-президенттен басқа 13 адамның қатысы бар көрінеді. Енді жақын арада сот процесінің қашан басталатыны жарияланады.  

Егер Саркози кінәлі деп танылса, ол бір жылға бас бостандығынан айырылып, 3,75 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелмек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу