Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак бақилық болды

1848

Ол биыл 86 жасқа толған еді. 

Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак бақилық болды

Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак бақилық болды. Бұл туралы оның туыстары хабарлады.

Жак Рене Ширак 1932 жылы дүниеге келген. Ол 1995 – 2007 жылдары аралығында Франция президенті болды. Ширак 1995 жылғы сайлауда жеңіске жетіп, билікке келген еді, оған дейін Париж мэрі қызметін атқарған. 

2007 жылдың мамыр айында президенттік өкілеттігінен бас тартты. Сол уақыттан бері Ширак Франция Конституциялық кеңесінің өмір бойғы мүшесі атанды. 

Айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы сайланған Францияның экс-президенті Жак Ширакпен сенімді қарым-қатынас орнатқан болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу