Францияның экс-министрі соққыға жығылды

834

Францияның бұрынғы экономика министрі Тьерри Бретон өз үйінде соққыға жығылды. 

Францияның экс-министрі соққыға жығылды

Оқиға Париждің XIV округінде болған. Белгісіз біреулер экс-министр мен оның жұбайын дәретханаға қамап, құны 50 мың еуро тұратын бағалы заттарды қолды қылған. 

Үстеріне қара киім киген екі адам үйге ашық қалған терезе арқылы кіріп, екеуін соққының астына алған. Полицейлердің айтуынша, қаскөйлер олардың бетінен ұрған. Тонаушылар Бретонға тапанша кезеп, бағалы заттар мен ақша салынған сейфті ашуды талап еткен. Кейін экс-министр мен оның жұбайын дәретханаға қамап іздерін суытқан.

Соңғы дерек бойынша, ұрланған заттардың ішінде бір кесек алтын, гауһар таспен көмкерілген әшекей бұйым бар. Қазір жергілікті құқық қорғаушылар осы жағдайға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Тьерри Бретон 2005 және 2007 жылдары аралығында Францияның экономика министрі қызметінде болған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу