Францияның экс-президенті түрмеден босатылды

Париждегі апелляциялық сот жанындағы прокуратура елдің бұрынғы президенті Николя Саркозиді бостандыққа жіберіп, сот бақылауына алу туралы өтініш білдірген.

Францияның экс-президенті түрмеден босатылды Фото: Sarah Meyssonnier / Reuters

Бұл туралы BFMTV телеарнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді Францияның экс-президенті сот бақылауында болады. Бұдан былай бұрынғы мемлекет басшысы электронды білезік тағып, қатаң шектеулерді сақтауға тиіс.

Оған елден шығуға және "Ливия ісі" бойынша куәгерлермен қарым-қатынас орнатуға тыйым салынды. Саркози апелляциялық шағым қаралғанға дейін бостандықта болады.

Қыркүйек айының соңында Николя Саркози 2007 жылғы сайлау науқанын қаржыландыру үшін Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафиден миллиондаған еуро алды деп айыпталды. Алайда экс-президент өзін кінәсіз деп есептейді. Енді прокуратура бұл жазаны жеңілдету нұсқасын ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу