Францияның ІІМ басшысы Казнев елдің премьер-министрі болып тағайындалды

1148

Францияның ІІМ басшысы Казнев елдің премьер-министрі болып тағайындалды

Францияның ІІМ басшысы Бернар Казнев Франция үкіметінің жаңа басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Елисей сарайы мәлім етті деп хабарлайды "Интерфакс".

Мұндай шешім Манюль Вальс премьер-министр қызметінен кеткен соң қабылданды.

Өткен сейсенбіде Франция үкіметінің басшысы Манюль Вальс отставкаға кететіндігін мәлімдеген. Ол бұл туралы Елисей сарайында ел президенті Франсуа Олландпен кездесу барысында ресми жария еткен.

Вальс президент сайлауына қатысу үшін осындай қадамға барып отыр. Бұған дейін айтылғандай, Олланд мырза екінші мерзімге сайлауға түспейтіндігін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу