Францияның Марсель қаласындағы шабуылды ТГИЛ мойнына алды

905

Францияның Марсель қаласындағы шабуылды ТГИЛ мойнына алды

Францияның Марсель қаласындағы теміржол аялдамасындағы лаңкестікті "Ирак және Левант лаңкестік ұйымы" мойнына алды, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетейік, таяуда Марсельдің Сен-Шарль вокзалында бір содыр пышақпен жүргіншілерге шабуыл жасап, екі әйел қаза тапты. Оқиға орнына жеткен полицейлер лаңкесті атып тастады. Әзірге шабуылды жасаған күдіктінің аты-жөні белгісіз. Іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазір Францияда 2015 жылы жасалған бірнеше терактіден кейін енгізілген төтенше жағдай тәртібі әлі өз күшінде. Бірер ай бұрын шара осы жылдың қарашасына дейін ұзартылған еді. Ал ресми дерекке қарағанда полиция биыл 12 лаңкестіктің алдын алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу