Францияның Старсбруг қаласында қаралы күн жарияланды

977

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Страсбургтегі атыста қаза тапқандар мен жараланғандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр.

Францияның Старсбруг қаласында қаралы күн жарияланды

Страсбургте 12 желтоқсан жәрмеңкедегі атыста құрбан болғандарды аза тұту күні болып жарияланады, деп хабарлайды 24.kz шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.

Осыған байланысты қаладағы барлық тулар төмен түсіріліп, жәрмеңке жабық болады. Сондай-ақ бұл күні түрлі ойын-сауық шаралары өтпейді.

Еске сала кетсек, Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан мерекелік жәрмеңке қайғылы оқиғаға ұласты. Мұнда белгісіз біреу жиналғандарға оқ жаудырған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу