Францияның туроператорлары Қазақстанға саяхаттауды ұсынуда

967

Француз туристері Қазақстанға бесжұлдызды қонақүйде бірнеше түн қонуға келмейді, оларға киіз үйде тұру немесе қарапайым тұрғындарда қонақ болу қызық.

Францияның туроператорлары Қазақстанға саяхаттауды ұсынуда

Парижде халықаралық туризм салоны ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Еуропалықтар үшін еліміз – әлі аз зерттелген, бірақ қызықты бағыт. Жергілікті туроператорлар Қазақстанға саяхаттарды осыдан 3-4 жыл бұрын сата бастаған. Астанада ЕХРО өткеннен кейін біздің елде демалысын өткізгісі келетіндердің саны арта түскен. Екі апталық саяхаттың бағасы 2 мың еуродан асады.

Сарапшылардың айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын туризмді дамытудың мұндай жолын Вьетнам таңдаған еді. Ал қазір бұл – еуропалықтар демалатын сүйікті елдердің бірі.

Француз мамандары Қазақстанда туризмді дамытуға көмек беруге дайын және бұл көрме екі ел мамандары арасында байланыс орнатуға түрткі болмақ.

"Француз туристері Қазақстанға бесжұлдызды қонақүйде бірнеше түн қонуға келмейді, оларға киіз үйде тұру немесе қарапайым тұрғындарда қонақ болу қызық. Саяхатшылар қалыпты тіршілігінен мүлдем өзгеше дүние іздейді", – дейді халықаралық туризм бойынша сарапшы Эммануэль Гийом.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу