Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Франция елшісі Етьен Франсиспен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Француз делегациясының өкілдері ынтымақтастық аясын кеңейтуді ұсынды, атап айтсақ, оларды білім беру және Шығыс Қазақстан аймағында археологиялық зерттеу жүргізу саласы қызықтырды.
"Біздің облыс экономиканың әртүрлі саласында ынтымақтасуға дайын, атап айтсақ, ақпараттық технология, білім беру, туризм, мәдениет және өзгелері", - деді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ, Франция елшісі негізгі салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық іскерлік және достық қарым-қатынастың нығаюына түрткі болатынын айтты.
Шығыс Қазақстанның Франциямен сыртқы сауда ынтымақтастығы әртүрлі салада нығайтылған серіктестік байланысқа ие. 2017 жылдың 5 айында сыртқы сауда айналымы 3 997,5 мың долларды құрады.