Бұл туралы 26 тамызда Le Figaro газеті дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Оның оққағары мен онымен үнемі бірге жүретін көмекшісінен тергеушілер босатылғанға дейін жауап алды", - деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі басылымға.
БАҚ-тың хабарлауынша, Дуровтың серігі 24 жастағы Юлия Вавилова деген хабар тарағанымен, ақпарат әлі расталмаған. Вавилова өзін "ойыншы" және "крипто-коуч" деп таныстырады және араб тілінде криптовалютаға арналған арнаны жүргізеді, қазір Дубайда тұрады. БАҚ сонымен қатар Вавилова мен Дуров арасындағы жеке қарым-қатынасы туралы да бірнеше рет жазған.