Француз полициясы Косовоның бұрынғы премьерін тұтқындады

937

Француз полициясы Косовоның бұрынғы премьерін тұтқындады

Француз полициясы Косово республикасының бұрынғы премьер-министрі әрі Гаага трибуналындағы сот процесіне қатысы бар Рамуш Харадинайды тұтқындады. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Бұрынғы Югославияға арналған халықаралық қылмыстық трибунал (БЮХТ) экс-премьер әрі "Косовоның азат ету армиясының" бұрынғы басшыларының бірін қылмыстық топқа жетекшілік етті деп күдік келтіріп, сыбайластарымен бірге  кісі өлімі, азаптау,  соғыс заңдарын бұзғаны үшін  жауапты" ретінде оны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Алайда Харадинай екі рет ақталып шықты.  Халықаралық трибунал оның кінәсын дәлелдей алмады, бірақ іс "куәгерлерді қорқыту жағдайында" өтті деп тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу