Француз студенті Еуропа бойынша өмір бойы тегін ұшу билетіне ие болды

811

Француз студенті Еуропа бойынша өмір бойы тегін ұшу билетіне ие болды

Венецияға бағыт алған ұшаққа отырған француз студенті – болашақ дәрігер Пьер Дроно  испандық лоукостер Volotea-ның он миллионыншы жолаушысы атанды. Ол енді өмірінің соңына дейін тасымалдаушының ұшақтарында тегін сапарлай алады, деп хабарлайды Еuromag.ru.

Le Figaro басылымы жазғандай, медицина факультетінің 24 жастағы студенті испандық әуе компаниясының қызметіне ылғи да жүгініп келген. Қаңтарда кезекті рет сапарға шыққан Пьер тасымалдаушының он миллионыншы жолаушысы атанып әрі  компания ұшақтарында қалауынша тегін сапарлау құқығына ие болғанын біліп таң қалыпты.

Сонымен бірге тасымалдаушы студентке өзімен бірге тағы бір адамға шектеусіз сапарлау құқығын ұтып алуды ұсынған. Ол үшін Пьер Volotea  қызмет көрсететін 79 бағыттың барлығына атбасын бұрып, сапардың суреттерін көрсетуге тиіс. Басшылық ол суреттерді әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялайтын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу