Француз велосаяхатшылары Шымкентке жетті

1035

Француз велосаяхатшылары Шымкентке жетті

Француз велосаяхатшылары Шымкентке келіп, француз орталығында студенттермен және оқытушылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Франция елінің зейнеткерлері оңтүстікке келгенге дейін велосипедпен әлемнің жартысына жуығын аралап шыққан. Морле қаласында тұратын ерлі-зайыптылар Бернадетт Элуэ мен Ришар Деляво мұндай саяхатқа шығуды өмір бойына армандап келгенін айтады. Екеуі де зейнеткерлікке шыққаннан кейін армандарын жүзеге асырыпты. Олардың бұл саяхаты қызықты болғаны соншалық, жарты жолда оларға Бернадеттің сіңлісі Симона қосылған екен.

"Біз Шығыс және Батыс Еуропаны түгел аралап шықтық. Кейін Кавказ елдерінде болдық. Енді Қазақстанның қалаларын тамашалаудамыз. Албан елінде жолдар нашар болғаны болмаса, жолда қиындықтар болмады. Әрбір мемлекет өздігінше ерекше, сұлу. Мұндай сапарымызға қуанбасақ, өкінбейміз", - дейді Бернадетт Элуэ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу