Француз журналисіне 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

592

Винсент Прадо Жаңаөзен оқиғасына қатысқан адамнан сұхбат алып тұрған жерінен ұсталған.

Француз журналисіне 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынды Фото: vlast.kz

Ақтаудың мамандандырылған әкімшілік соты француз журналисі Винсент Прадоға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры.       

"Оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ Маңғыстау өңірінде түсірілім жасауға тыйым салынды", - делінген қорғаушылар таратқан ақпаратта.     

Кеше Ақтауда миграциялық полиция қызметкерлері француз телеарнасының режиссері Винсент Прадоны Жаңаөзен оқиғасының қатысушысынан сұхбат алып тұрған жерінен ұстаған. Журналист тіркелу ережесін бұзғандығы үшін айыпталуда, оған тек Астана мен Алматыда ғана түсірілім жүргізуге рұқсат етілген, ал ол Маңғыстауға кетіп қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу