Француздық Airbus D&S компаниясының басшылығымен келіссөз жүргізілді

745

Келіссөз барысында тараптар ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін жүктеу және Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін коммерцияландыру мәселелерін талқыланды.

Француздық Airbus D&S компаниясының басшылығымен келіссөз жүргізілді

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов француздық Airbus Defence and Space (Airbus D&S) компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 
Кездесуге француз тарапынан Airbus D&S бас хатшысы – Хьюг Лапорт-Вейвада, Airbus D&S ғарыш бөлімшесінің бірлескен кәсіпорындарымен жұмыс жөніндегі директоры – Жан-Ив Элорэ, ЖҚЗ спутниктерін сатушы менеджер – Ги Лимузан, Ресейдегі Airbus D&S басшысы – Владимир Терехов, Airbus Kazakhstan бас директоры – Блащишин Роман қатысты. 
Келіссөз барысында тараптар ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін жүктеу және Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін коммерцияландыру мәселелерін талқыланды. 
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын бекітті, түрлі мақсаттағы ғарыш жүйелерін құру жөніндегі жобаларды, сондай-ақ бірлескен жобалармен сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу