Француздық саяхатшылар Бозжыраның сұлулығына тәнті болды

347

Бір топ француз саяхатшылары күні кеше өткен "Бозжыра" визит-орталығының алғашқы іргетасын қалау рәсіміне куә болды. 

Француздық саяхатшылар Бозжыраның сұлулығына тәнті болды Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау меймандары өңірдің көрікті табиғатын тамашалауға келетін туристерге қолайлы жағдай жасалып жатқанына қуанышты екендіктерін жеткізіп, бастамаға сәттілік тіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Туристердің арасындағы француз велосаяхатшысы, кинорежиссер Седрик Тассан бұған дейін Орталық Азия елдерінде – Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанда бірнеше мәрте болғанын атап өтті. Оның айтуынша, үш жыл бұрын ол Маңғыстау даласын жалғыз өзі велосипедпен жүріп өткен. Сол сапардан алған ерекше әсерін өз отандастарымен бөлісу үшін, бір топ жерлесін Маңғыстауға бастап келгенін айтты.

Өңірге алғаш рет келген саяхаттаушылар Бозжыра шатқалының таңғажайып табиғатына, оның қайталанбас тұмса келбетіне ерекше таңданысын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу