Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана әуежайында Штайнмайер мырзаны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Сапар аясында екі мемлекет басшылары қазақ-герман стратегиялық әріптестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Германияның Федералды Президенті қазақстандық және неміс университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді, сондай-ақ Қазақстан Президентімен бірлесіп қазақ-герман бизнес-форумының жұмысына қатысады деп күтілуде.
Сапар аясында Фрэнк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына да барады, онда Қазақстан-Неміс инжиниринг институтының ашылуына және швед-герман Svevind компаниясының жасыл сутегі өндіру зауытында сынамалық бұрғылауды іске қосу рәсіміне қатысады.