FrankofonıNaýryzy 2020 Шымкентте басталады

874

Француз тілінде Абай оқулары өтеді.  

FrankofonıNaýryzy 2020 Шымкентте басталады

Халықаралық Франкофония Ұйымының 50 жылдық мерейтойы мен #FrankofonıNaýryzy 2020 мәдени іс-шаралар маусымы басталады.

Қазақ елінде наурыз айының аяғында көктем мерекесі Наурыз мейрамы тойланатыны белгілі. Ал осы уақытта дүние жүзінде француз тілі мерекесін тойлау дәстүрге айналған. Халықаралық Франкофония Ұйымы бүкіл әлемдегі француз тілін меңгерген адамдарды біріктіретін күн ретінде 20 наурызды таңдаған.

Осы дәстүр бойынша француз тілді мемлекеттердің елшіліктері бірлесе отырып, қазақстандықтарға түрлі өнер салаларын қамтитын фестивальдік бағдарлама ұсынады. 2020 жылғы Франкофония мерекесі 1 наурыз күні Шымкент қаласында басталады. Шара барысында Француз тілінде Абай оқуларын өткізу де жоспарлануда.

Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ франкофония ұғымына тоқталып өтті.

"Франкофония – барлық континенттерді, ұлттар мен ұлыстардың басын қосады әрі гуманизмге жетелейді. Мысалы, әйелдер құқын қорғайтын франкофон әйелдер клубының құрылғанына екі жыл болды. Франкофония – әлемнің 5 құрлығында 88 ел мен 300 000 000 адамды біріктіретін геомәдени кеңістік", – деді Франция елшісі.

Филипп Мартинэ  Франция елімізге ең ірі инвестиция салған мемлекеттің бірі екенін еске сала кетті. Оның айтуынша, Франция Қазақстанға 12 млрд еуродан астам инвестиция құйған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу