Freedom bank шағын және орта бизнеске арналған онлайн несие бағдарламасын іске қосты

612

Жобаның 2 бағыты бар.

Freedom bank шағын және орта бизнеске арналған онлайн несие бағдарламасын іске қосты

Freedom bank шағын және орта бизнеске арналған онлайн несие бағдарламасын іске қосты. Жобаның 2 бағыты бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алғашқысы, банк өз қаражатына бизнеске нарықтық шарттармен несие береді. Екіншісі  "Даму" қорымен бірлескен арзан кредит. Несие онлайн жүйеде, құжаттарды жинамай және 24 сағат ішінде беріледі.

Цифрлы ипотека мен автокредит арқылы онлайн кредитті нарыққа кеңінен енгізген "Фридом банк" енді бизнеске онлайн форматта несие беруге көшті. Клиенттің деректері, оның кредиттік тарихы мен сенімділігі, жеке кәсіпкердің тіркелуі мен мерзімі және т.б. автоматты түрде тексеріледі.

"Автоматизация процесі арқылы шешім қабылдайтын адами факторды түгел азайттық. Біз бұны өте тез жасауды үйреніп, несиелендірудің көлемін ұлғайттық. Қазір ШОБ сегментінде өз бағдарламамыздың шеңберінде күніне 1 млрд теңгеге несие береміз. Даму бағдарламасы аясында сұраныс одан да көп болады деген сенімдемін. Осы сегменте нарықтың үлкен бір бөлігіне қол жеткізе алатынымызды тағы бір рет дәлелдейміз", - дейді Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

Онлайн несиенің бірегейлігі сонда  жеке кәсіпкердің несие алу қадамдарының бәрі цифрландырылған. Өтінім беруден бастап, идентификация, мүлікті бағалау, келісімшартқа қол қою және қарыз беру - бәрі 24 сағатта орындалады. Яғни, кредит беру мерзімі 14 күннен бір тәулікке дейін қысқарған. Енді бұрынғыдай бума-бума құжат жинаудың да қажеті жоқ, бәрі - онлайн. Ставкаларға келсек, өңірге байланысты 7-8 пайыз.

"Бұл бағдарлама Дамудың бағдарламасы. 5 млнға дейін оборотный средстваға беріледі. 20 млнға дейін инвестицияға беріледі. Кепіл ешқандай жоқ. Даму өзі міндеттеме кепілдігін шығарады. Сол міндеттеме кепілдігінің арқасында осы несие беріледі", - Freedom bank Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Айдос Жұмағұлов.

Банк өкілдерінің айтуынша, онлайн несие нарыққа тың серпіліс береді. Себебі, қазақстандық бизнестің басым бөлігі айналымын толтыратын қаражатқа мұқтаж. Айта кетейік, "Фридом" компаниялар тобы цифрлық қызметтердің эко-жүйесін құруды қолға алған. Оның аясында техникалық интеграциялар үрдісі қарқынды жүріп жатыр. Онлайн әуе билеті, цифрлы төлемдер, сақтандыру, автокредит, цифрлы ипотека  бұл эко-жүйе қазақстандықтарға қаржылық қызметті ыңғайлы әрі қолжетімді етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу