Freedom Ticketon "Қайрат" – "Реал" матчына алынған билеттердің ақысын қайтаруға ниетті

216

Компанияның түсіндіруінше, қайтарым тек ресми арналардан сатып алынған билеттерге ғана жасалады.  

Freedom Ticketon "Қайрат" – "Реал" матчына алынған билеттердің ақысын қайтаруға ниетті Фото: Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Алматыда өткен "Қайрат" – "Реал" кездесуі кезінде туындаған даудан кейін Freedom Ticketon стадионға кіре алмаған жанкүйерлерге билет ақшасын қайтаруға дайын екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ал шағымдардың шамамен 75%-ы алыпсатарлардан алынған билеттерге қатысты, ондай жағдайда қаржы өтелмейді.

Қайтару рәсімі үшін көрермендер қолдау қызметіне ЖСН мен төлем жасалған карта деректерін ұсынуы қажет. Әр өтініш жеке қаралады.

Freedom Ticketon әлеуметтік желілерде тараған "ақша жаппай қайтарылмайды" деген жазбаларды негізсіз деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу