Аталған портқа аялдаған Фрэнк-Вальтер Штайнмайер инфрақұрылымдық нысанның жұмысымен танысып, атап айтқанда теміржол және автомобиль көлігімен паромдарға жүкті тиеу процесін, сондай-ақ Каспий теңізінің Қазақстанның бөлігіндегі, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында осы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоспарларды бағамдап қайтты.
Құрық портын аралау кезінде тараптар транзиттік әлеуетті күшейту мен инвестиция тарту мәселелерінде ұзақмерзімді жемісті әріптестікті дамытып, нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар германиялықтар көлік-логистикасы бағытында перспективалы жобаларды іске асыруға бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтты.