Фрилансерлер БЖЗҚ-ға жарна аударуға міндеттелді

1334

Фрилансерлер БЖЗҚ-ға жарна аударуға міндеттелді

Еліміздегі фрилансерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарна төлеуге міндеттеледі, деп хабарлайды Atameken TV.

Бұл өзгеріс азаматтық-құқықтық келісім бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға тікелей қатысты. 

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына сай (25 бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және төлеу тәртібі), енді олар кірісінің 10 пайызын қорға салуға міндетті.

Бұған дейін зейнетақық қорына жарна төлеу фрилансерлердің өз еркінде болатын. Өзгерістер енген заң шілденің 14-інен бастап күшіне енеді. Егер талап орындалмаса бірінші жағдайда ескерту жасалады. Екінші рет айыппұл салынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу