Сөйтсек шаһар басшылары "еңбекпен қамту" жоспарын орындамаған. Ұлттық қордан бөлінген қаражатты игермей ұстап отырған көрінеді. Есесіне жұмыспен қамтудан Қарағанды облысы есе жібермей тұр.
Сонымен жұмыссыздықты жою жарысында кім оза шапты, кім қалыс қалды? Еңбек министрі Шәпкенов өз баяндамасында бәрін тізбелеп берді.
ӘЛЕМДЕ ФРИЛАНСЕР ҚЫЗМЕТІ ЗАҢМЕН ҚАЛАЙ РЕТТЕЛГЕН?
Соған қарағанда Үкімет фрилансерлермен күресті мықтап қолға алмақшы. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарды көлеңкеден шығарудың амалын ойлап әлек. Статистика не дейді?
Сандарға сенсек, пандемия басталғалы штаттан тыс қызметкерлердің қатары қалыңдай түскен. Еңбек министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылдың екінші тоқсанында 2,9 пайызға артқан, 60 мың адамға ұлғайыпты. Бұл тенденция әлем елдерінің бәрінде байқалады. Дүниежүзінде жұмыссыздықтың 6,5%-ға артуына байланысты өзіне қызмет ететін адамдар саны артқан. Оның ішінде фриланс саласының қарқынды дамығаны байқалады.
Аталмыш қызмет түрін пайдалану қаншалықты заңды? Толығырақ тілші материалында.