Фрилансерлерге сұраныс артады

858

41,6 трлн теңгені құрайтын инвестициялық жобаның пулы құрылды.  

Фрилансерлерге сұраныс артады

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың мәлімдеуінше, алдағы алты жылда еңбек нарығында 1,3 млн адамға сұраныс болады. Ал цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар трендке айналады.

"Технологиялардың дамуы жұмыс орындарын қысқартады. Жұмыстың күрделенуі біліктілігі жоғары мамандарға сұранысты арттырады. Заман талабы бойынша адамдарға әмбебап дағдыларды дамытуға тура келеді", – деді министр.

Ол қашықтықтан жұмыс істеу белең алатынын, фрилансерлердің көбейетінін  және краудворкингтің дамитынын айтты.

"Халықаралық сарапшылардың зерттеуінше, 2020 жылдан бастап фрилансерлер әлемдегі барлық жұмыс күшінің едәуір бөлігіне ие болады", – деді министр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 41,6 трлн теңгені құрайтын инвестициялық жобаның пулы құрылған. Осы пулдың кадрлық сұранысы 2025 жылға дейін 1,3 млн адамды құрайды.

"Жұмыс орындарының ең көп саны туризм, көлік, ауылшаруашылығы, сауда салаларында болады деген болжам бар", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу