Фристайл-акробатикадан Жанбота Алдабергенова үздік бесттікке енді

950

АҚШ-тың Дир-Вэлли бөктерінде фристайл-акробатикадан әлем кубогі жалғасуда.  

Фристайл-акробатикадан Жанбота Алдабергенова үздік бесттікке енді

Әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Жанбота Алдабергенова бесінші орынға ие болды деп жазады Olympic.kz.

Іріктеуден сүрінбей өткен Жанбота алғашқы финалдық айналымда 83.79 ұпаймен үшінші орыннан көрініп, ақтық сынға жолдама алған алты спортшының қатарына енді.

Алайда, шешуші финалда Алдабергенова азулы қарсыластарынан оза алмады. Ол 71.92 ұпаймен бесінші орынға табан тіреді. 

Бұл бәсекеде австралиялық Даниель Скотт топ жарды (93,86). Екінші және үшінші орындарды тиісінше америкалықтар Уинтер Винецки (87.77) мен Кайла Кун (74.82) өзара бөлісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу