Фристайл-могулдан Алматыдағы әлем кубогында екі жерлесіміз біліктілік сынынан өтті

984

Спортшылар келесі кезеңге жолдама алды. 

Фристайл-могулдан Алматыдағы әлем кубогында екі жерлесіміз біліктілік сынынан өтті Фото: Olympic.kz

8 наурыз күні Алматыда фристайл-могул бойынша Әлем Кубогының кезеңі басталды. Турнир аясында екі отандасымыз біліктілікті еңсерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының екі өкілі Юлия Галышева мен Анастасия Городко біліктілік сынынан өтіп, жеңіске жетті. Олар ең мықты 16 спортшының қатарынан табылды.

Галышева 12-орынмен, ал Городко 9-орынмен келесі кезеңге өтті.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстандық шахматшы Бибісара Асауба “Аэрофлот Опен 2024” шахмат фестивалінде бірінші орын алғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу