Фристайл-могулдан Еуропа кубогі: Қазақстанда қос күміс жүлде

871

Франциядағы Тигнесте фристайл-могулдан Еуропа кубогің кезеңі аяқталды. 

Фристайл-могулдан Еуропа кубогі: Қазақстанда қос күміс жүлде

Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары екі жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған додада қазақстандық спортшы Анастасия Городко күміс медальға қол жеткізді. Жарыста отандасымыз 56.95 көрсеткішімен үздіктер қатарынан табылды.

Бірінші орынға франциялық Камиле Каброл (58.85) иелік етсе, оның командаласы Фантине Дигроуд (51.95) үшінші орыннан көрінді.

Ал ерлер арасындағы бәсекеде Антон Бондарев 66.85 көрсеткішімен екінші орынға жайғасты. Фин спортшысы Аксели Ахвенейнен (68.22) алтыннан алқа тақса, франциялық Мариус Боурдетте (67.42) үздік үштікті қорытындылады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу