RU KZ
Фристайл-могулдан Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды

Фристайл-могулдан Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды

08 Наурыз 2021 17:50 759

Фристайл-могулдан Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды
Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.   

Ақтық сында Галышева 79.52 ұпаймен күміс медаль еншіледі. Ол Олимпиада чемпионы, әлем кубогі кезеңдерінің көшбасшысы, франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді. Лаффон ақтық сында 82.11 ұпай алды.

Үшінші орынды иеленген ресейлік Анастасия Смирнова 79.41 ұпайға қол жеткізді.  

Айта кетелік, бұл Галышеваның әлем біріншіліктеріндегі екінші жүлдесі. 2019 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында Юлия Галышева жеңімпаз атанған болатын.