Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Фуат Сатыбаев депутат ретінде ант берді.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың міндеттерін адал атқаруға ант еткен ол Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады.
Еске сала кетсек, 9 қарашада Ортсайлауком отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды.
Ол Павлодар облысында хирург-дәрігер, денсаулық сақтаудың құрметті қызметкері ретінде танымал. Былтыр 10 қаңтарда "Ақжол" партиясынан VII сайланған Павлодар облысы мәслихатына депутат болып сайланды.