Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі кері қайтарылған рейске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"26 желтоқсанда КС 162 Фукуок–Алматы рейсін орындаған Air Astana ұшағы әуежайға барлық дәретхананың істен шыққанына байланысты ұшып шығу әужайына қайтып оралды. Әуе кемесі 10 сағат 04 минутта ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 14 сағат 14 минутта аман-есен қонды", – делінген ресми ақпаратта.
Қазір ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Рейстің ұшуы 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша 04.00-ге дейін кейінге қалдырылды. Ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге жеткізу және орналастыру мәселелерімен айналасуда. Air Astana рейстің кешіктірілгені үшін кешірім сұрайды", – деп хабарлады авиакомпания.