Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына өзгертілді

1985

Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына өзгертілді

Алматыдағы Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді. Қалалық мәслихаттың сессиясында республикалық және қалалық ономастика комиссиясы осындай шешім қабылдады.

Жиында Оңтүстік астананың әкімі Бауыржан Байбек көше атауын дәл осылай өзгерту туралы өтініштер тұрғындардан, қоғамдық ұйымдардан, жастар мен зиялы қауым өкілдерінен көптеп түскенін мәлімдеді. Ал сенатор Дариға Назарбаева болса көшені даңғыл етіп ауыстырып, оған тұңғыш президенттің есімін берудің еш әбестігі жоқ дейді. Айта кетейін, бұған дейін Алматыда қайталанатын 100 көшенің атауы өзгерген болатын.

Дариға Назарбаева, ҚР парламенті сенатының депутаты:

"Мен бұл шешімді дұрыс деп санаймын. Мемлекет басшысы сыйлауға лайық тұлға деп ойлаймын. Соңғы 25 жылда іргесі берік, мықты ел болдық. Экономикамыз бен әлеуметтік-саяси ахуалымыз тұрақты. Қазақстан анти ядролық және анти террорлық бастамаларға қозғаушысы болды. Сондықтан ел азаматы ретінде бұл шешімді қолдаймын".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу