Фурманов шыңында адасқан жігіт пен қыз түнімен іздестірілді

101

Түнде 112 пультіне әйел адам хабарласып, қызы мен жас жігіттің Қимасар шатқалы арқылы Фурманов шыңына шыққанын хабарлаған.  

Фурманов шыңында адасқан жігіт пен қыз түнімен іздестірілді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Олар соңғы рет күндіз байланысқа шыққан, содан кейін байланыс үзіліп, геолокациясы анықталмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Туыстарының мәліметінше, туристер Фурманов шыңы маңында болуы мүмкін.

Іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ-нің "Барыс" республикалық құтқару қызметінің жедел тобы дереу шықты. "Әткеншек" шатқалына жеткеннен кейін құтқарушылар шыңға қарай көтерілуді жалғастырды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында туристер Фурманов шыңының етегінен табылды. Жас жігіт пен қыз шатырда болған. Олар жеке заттарын жинағаннан кейін құтқарушылар оларды Қимасар шатқалы арқылы төменге дейін түсірді.

Туристер аман-есен қалаға жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу