Футбол әлемі үшін қаралы күн

1524

Индонезияда сенбі күні "Арема" мен "Першебая Сурабай" арасындағы футбол ойыны аяқталғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер орын алды.  

Футбол әлемі үшін қаралы күн

Индонезия Денсаулық сақтау министрлігі Малагадағы стадиондағы қысымның салдарынан 125 адамның қайтыс болғанын растады. 300-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, жеңілген команданың жанкүйерлері ойыншыларға бөтелкелер лақтырып, алаңға шыға бастаған. Құқық қорғау органдары көпшілікті тарату үшін көзден жас ағызатын газды қолданды. Салдарынан жағдай одан әрмен ушығып, трибунадағы адамдар қысыла бастаған. Тұншығып немесе басқа зақым тигеннен қайтыс болғандар бар.

Көрермендер полиция қатыгездікке жол беріп, адамдардың қаза болуына себепші болғанын айтады:

"Біз трибунада шылым шегіп тұрғанбыз, кенеттен тәртіпсіздіктер басталды. Бәрі айтып жүрген 14-ші трибунадан ешкім алаңға шықпағаны есімде, бірақ полицейлер бізге көзден жас ағызатын газ жіберді. Адамдар қаша бастады, бір-бірін итеріп жатты. Қысылғаннан адамдар тұншығып, біразы қаза тапты. Келінім де бақилық болды".

ФИФА басшысы Джанни Инфантино Маланг қаласындағы жанжалды "футбол әлемі үшін қаралы күн" деп атады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу