Футбол: FIFA рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің көш соңында қалды

1112

Жыл сайын мемлекеттен қыруыр қаражат бөлінгеніне қарамастан Қазақстан FIFA рейтингінде әлем түгілі, ТМД елдерінің соңында қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Футбол: FIFA рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің көш соңында қалды

FIFA рейтингінде Қазақстан 210 мемлекеттің ішінде 124-орында тұр. Ұлттық құраманың жалпы ұпайы - 1147,35.

Аталмыш рейтингте үздік үштікте Бельгия, Франция мен Бразилия тұр. Ең соңғы орында – Сан-Марино.

"Қазақстан рейтингтің бел ортасында. ТМД елдерінің көш соңында қалған. Мәселен, Украина 24-орыннан көрінсе, Ресей 38-ші, Өзбекстан 86-шы, Беларусь 89-шы, Армения 90-шы, Қырғызстан 98-орын иеленген. ТМД елдерінің ішінде Қазақстаннан кейінгі мемлекеттердің ішінде Түркіменстан (130) мен Молдова (177) ғана бар", - делінген зерттеуде.

Былтыр жергілікті бюджет пен квазимемлекеттік сектордан елдегі 12 кәсіби футбол клубына 23 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын. Әйтсе де Мемлекет басшысы былтыр қыркүйекте спорт клубтарын мемлекет есебінен бөлінетін қаражатқа ұстаудың түк пайдасы жоқтығын мәлім еткен. Расында да, мемлекет және квазимемлекеттік сектордан миллиардтаған қаражат желге ұшып жатыр.

Қазір ұлттық құрамада 22 спортшы ойнайды. Оның 10-ы қорғаушы босла, 7-і жартылай қорғаушы. Одан бөлек 3 қақпашы мен 2 шабуылдаушы бар. Ұлттық құрама сапындағы футболшылардың көбі отандық клубтарда доп тебеді.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу