Бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдады. Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген болатын.
Оның екеуі тең нәтижемен аяқталса, қалғанында Беларусь құрамасы жеңіске жеткен.
Айта кетсек, бүгін қазақстандық футболшылар алдағы маусымдағы Ұлттар Лигасының В дивизионында Еуропаның алдыңғы қатарлы құрамаларымен сынға түсуге мүмкіндік алды.
Кездесудің 29-минутында қазақстандық Михаил Габышев есеп ашты, ал 45-минутта Беларусь құрамасының ойыншысы Павел Савицкий таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңнің 79-минутында қазақстандық Бактиёр Зайнутдинов гол соқты.
Осылайша Қазақстан қарсыласын 2:1 есебімен жеңді.
Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы алдағы маусымда В лигасында ойнауға мүмкіндік алды.
Енді Қазақстан құрамасы 25 қыркүйекте сырт алаңда Әзербайжанмен кездеседі.