Футбол клубтарын қаржыландыруға 200 млрд теңге қаржы жұмсалған

182

Ең қымбат клуб — 50,1 млрд теңгемен "Самұрық-Қазына" АҚ-дан демеушілік көмек алған "Астана" ФК. 

Футбол клубтарын қаржыландыруға 200 млрд теңге қаржы жұмсалған Фото: freepik

Антикор спорт федерациялары мен кәсіби клубтардың негізсіз қаржылық шығындарын есептеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соңғы 6 жылда тек 18 футбол клубын қаржыландыруға 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Мұндай шығындарға қарамастан, Қазақстан FIFA әлемдік рейтингінде төмен позициядан көтерілмей тұр.

Ең қымбат клуб — "Самұрық-Қазына" АҚ – дан демеушілік көмек алған "Астана" ФК – 50,1 млрд теңге, одан кейін "Барыс" хоккей клубы – 48,9 млрд теңге.

"Сонымен қатар, көп бөлігі еңбекақы төлеу қорына, біржолғы төлемдерге, трансферге, агенттік келісімдеріне жұмсалған. Бұл қаражатты игеру жоғары жемқорлық тәуекелдерін тудырады", — делінген Антикор хабарламасында.

Өз инфрақұрылымының болмауына байланысты клубтар жыл сайын алаңдар мен мұз айдындарын жалға алуға миллиондаған қаражат жұмсайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу