Футбол клубтарын жекешелендіру қашан аяқталатыны белгілі болды

186

Бұл бағытта нақты тапсырма берілген.  

Футбол клубтарын жекешелендіру қашан аяқталатыны белгілі болды Фото: ҚФФ

Спорт және туризм вице-министрі Серік Жарасбаев Мәжіліс кулуарында футбол клубтарын жекешелендіру 2026 жылдың наурызына дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-министр Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру бойынша нақты тапсырмасы бар екенін еске салды. Тиісті тапсырма былтыр өткен Ұлттық құрылтайда берілген болатын.

"Бүгінгі таңда Үкіметпен нақты жұмыс атқарылып жатыр. Премьер лигада ойнайтын 14 кәсіби футбол клубының бесеуі жекешелендірілді. Тағы екі клуб бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр. Елдегі ірі компаниялар тарапынан қызығушылық бар. Жұмыс басталды. Олардың алдында жекешелендіруден бөлек, футбол клубтарының жанынан балалар футбол академиясын құру міндеті тұр", – деді Серік Жарасбаев.

Оның айтуынша, қазір бұл жұмыс жалғасып жатыр. 

"2026 жылдың наурызына дейін осы жұмысты аяқтау бойынша тапсырма бар", – деп толықтырды Спорт және туризм вице-министрі.

Айта кету керек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев футболды бизнес ретінде дамыту қажеттігін айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу