Футбол командасының ойыншыларын атып кетті

871

Футбол командасының ойыншыларын атып кетті

Мексикада Гуанхуато штатындағы Саламанка қаласында белгісіз біреулер Taxi Express  әуесқой футбол командасының ойыншыларына шабуыл жасаған. Үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жараланды. Бұл туралы Televisa-ға сілтемемен ҚазАқпарат.

Олар футбол алаңына екі жүк машинасымен келіп, адамдарға оқ жаудырған. Полиция оқиға болған жерден винтовканың 30-дан астам оғын тапқан. Құқық қорғау органы қызметкерлеріне қылмыскерлерді ұстаудың сәті түспеді. Екі адамның сол жерде мерт болған. Үшінші футболшы Саламанкадағы облыстық ауруханада көз жұмған. Сондай-ақ тағы үш адам госпитальда жатыр. Олардың жағдайы ауыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу