"Футболда гол жоқ, ал ауылда жол жоқ"

360

Депутаттар елімізде күрмеуі көп мәселелерді көтерді.

"Футболда гол жоқ, ал ауылда жол жоқ" Фото: Facebook Қазыбек Иса

Мәжілісте туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев депутаттардың сұрағына жауап беріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отырыста депутат Қазыбек Иса қазақ футболына миллиардтап жұмсалып жатқанын, оны қысқарту керектігін тағы айтты. 

"Футболға бөлінетін шектеусіз қаражатты 1млрд 200 млн-ға қысқарттық деді. Бірақ ол әлі де шектелген жоқ.Футбол кәсіби спорт түрі. Неліктен бұған мемлекеттің қыруар қаражаты кетеді. Әлемде кәсіби спорт клубтарына мемлекет ақша бөлмейді. Біз неге бөлеміз? Ал дәл қазір тасқын су болып, ел үй-күйсіз отыр. Неге футболға бөлінетін ақшаны, тасқын суға көмек ретінде бөлмеске", - деді депутат.

Министр өз тарапынан аталған мәселелердің барлығы оң шешімін табады деп сендірді. 

Ал Ринат Зайытов бас бапкер Магомед Адиевті ауыстыру керектігін айтады.

“Оған тиді ғой деймін, ұлттық құрама ойсырай ұтылып жүр”, - дейді Зайытов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу