Қазақстан суперкубогы алғаш рет елден тыс жерде өтеді

8901

Бүгін, 25 ақпанда футболдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогында "Ордабасы" (Шымкент) vен "Тобыл" (Қостанай) командалары кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан суперкубогы алғаш рет елден тыс жерде өтеді Фото: bangkokbook.ru

Ойын алғаш рет елімізден тыс жерде ұйымдастырылып отыр.

Ол Түркияның Анталия қаласындағы "Титаник Мардан" стадионында елорда уақытымен сағат 18:00-де басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Суперкубок ойындары биыл 19-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. 

Қазірге дейін финалда он команда бақ сынаған. Олардың арасында "Астана" он мәрте финалда ойнап, бес мәрте (2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023) кубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының "Қайраты" 5 мәрте финалда бақ сынап, екеуінде (2016, 2017) жеңімпаз атанды.

Ал "Ақтөбе" 3 (2008, 2010, 2014), және "Тобыл" (2021, 2022) 2, "Елімай" (1995), "Ордабасы" (2012), "Шахтер" (2013) командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, "Атырау", "Восток" және "Қайсар" командалары суперкубокқа шыққанымен бірде-бір мәрте оған қол жеткізе алған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу