Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетелік, ел чемпионы бір тур бұрын белгілі болған еді.
Чемпиондықтан басты үміткер "Астана" сырт алаңда "Тобылды" 1:0 есебімен тізе бүктірсе, "Қайрат" "Ертістен" 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Нәтижесінде "Астана" алтыншы жыл қатарынан чемпиондық тұғырға көтерілді. "Астана" өз алаңында соңғы турда Павлодардың "Ертісінен" 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал "Қайрат" Алматыда "Атырауды" 2:1 есебімен жеңді. Соңғы турда үшінші орынға қай команданың ие болатындығы анықталды.
Үздік үштікке іліуге "Ордабасы" мен "Тобыл" командалары үміткер болды. Нәтижесінде "Ордабасы" өз алаңында "Таразды" 3:0 есебімен тізе бүктіріп, қола жүлдегер атанды. Ал Қостанайда "Тобыл" "Ақтөбені" 2:1 есебімен жеңгенімен төртінші орынды қанағат тұтты. Қызылордада жергілікті "Қайсар" мен Көкшетаудың "Оқжетпесі" 1:1 есебіне қанағат білдірсе, Талдықорғанда "Жетісу" Қарағандының "Шахтерін" 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан чемпионатында барлығы тоғыз команда алтыннан алқа тақты.
Бұған дейін елордалық "Астана", Павлодардың "Ертіс", "Ақтөбе" командалары - 5, Семейдің "Елімайы" мен елорданың "Жеңіс" (кейіннен "Астана-1964") -3, Алматының "Қайраты" мен Қарағандының "Шахтері" -2, Қостанайдың "Тобылы" мен "Тараз" -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.
Биыл "Ақтөбе" және "Атырау" командалары төменгі топқа түсіп қалды. Алдағы жылы олардың орнын бірінші лигадада жеңімпаздар қатарынан көрінген а Петропавлдің "Қызылжар" және Ақтаудың "Каспий" клубтары басады. Ал Премьер-лигада 10-орынға тұрақтаған "Тараз" бен Оралдың "Ақжайығы" қосымша бір жолдама үшін 15 және 18 қараша күндері тартысқа түседі.