Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Франциядан ірі есеппен жеңілді

1188

Француз футболшылары қазақстандықтар қақпасына жауапсыз алты гол тоғытты. 

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Франциядан ірі есеппен жеңілді Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Франция құрамасынан ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды inbusiness.kz  Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Калоян Петков шәкірттері іріктеуде ұпай еншілей алмай, І тобында соңғы, 5-орында келеді. Ал француздар барлық бес ойында жеңіп, көш бастап тұр. 

Қазақстан құрамасы ӘЧ-2023 іріктеу кезеңіндегі келесі матчын 8 сәуірде өз алаңында Словенияға қарсы өткізеді.  

Франция – Қазақстан 6:0 (4:0)

Гол: Ассейи (5), Каскарино (9), Катото (24), Периссе (37), Говен (72, пен), Дали (74)

Франция: Пейро-Маньен (в), Периссе, Тункара (к) (М'Бок Бати, 79), Сиссоко, Баша, Толетти (Гейоро, 60), Бильбо (Матео, 60), Дали, Ассейи, Катото (Говен, 46), Д.Каскарино (Балтимор, 46)

Қазақстан: Саратовцева (в), А.Садықова (Низамутдинова, 84), Қожахмет, Нурушева, Бурова, Власова, Тұрлыбекова, Жанатаева, Айтымова, Сатығалиева (Сағатова, 90+2), Кубесова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу