Футболдан барлық деңгейдегі Қазақстан біріншілігінің қашан жалғасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының сайты.
Оған ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин, КФЛ президенті Олжас Абраев, департамент жетекшілері қатысты.
Қазақстанда кәсіпқой және әуесқой командалары арасындағы ел біріншілігі, футбол, футзал және жағажай футболынан кубок турнирлері елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін қайтадан жалғасатын болады.
Ел біріншілігін жалғастырудың екі нұсқасы қарастырылды. Негізгі нұсқасы ретінде біріншілікті екі айналым бойынша өткізу ойластырылды. Қосымша нұсқасы ретінде биылғы доп додасын "күз-көктем" жүйесі бойынша ұйымдастыру жоспарланған. Қазақстан кубогы, бірінші және екінші лигада командалары арасындағы біріншіліктерді өткізу осындай нұсқалар бойынша жүргізіледі.