Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен футболдан ел чемпионаты 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жалғасады. Чемпионатты жалғастырудың басты шарты:матч кезінде коронавирустың таралуының алдын алу арнайы нұсқауын сақтау.
Аталған арнайы құжатқа енгізілген санитарлық талаптар Республиканың бірнеше облыстарында орын алған тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты күшейтілді. Ойындар көрерменсіз өтеді, жарыс кезінде қызмет ететін адамдардың саны шектеулі болады.
Турнир күнтізбесі Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелерімен бекітілді. Бірінші және екінші лига командалары арасындағы біріншіліктер мен ҚР Кубогі 2020 жылдың 1 тамызынан кейін басталады.