Футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасатын болды

728

Ойындардың барлығы жанкүйерсіз өтеді.

Футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасатын болды

Футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты 2020 жылдың 18 тамызынан бастап қайта жалғасады. Мемлекеттік органдардың талабымен ойындардың барлығы арнайы медициналық хаттаманың ережелеріне сәйкес қатаң бақылауда өтеді. Аталған құжат жарыстарды қабылдайтын спорт ғимараттарында санитариялық-эемидемиологиялық режиді қатаң сақтау үшін жүргізілетін жол картасы болмақ.

Қазіргі уақытта ойындардың барлығы "Алматы/Талғар" локациясында жанкүйерлерсіз өтеді. Стадиондарда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны да шектеулі болмақ. Ел чемпионатына қатысатын әр клуб өзгелермен жақын қарым-қатынас орнатпай, карантин режимінде қонақүйде орналасуға жауапты болмақ. Ойыншылар мен бапкерлер, сонымен қатар, жарысты ұйымдастыруға қатысатын басқа да адамдар коронавирус індетін анықтайтын сынақты үнемі тапсырып отырады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қадағалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу